Қайрат Рахымов ҚР энергетика вице-министрі болып тағайындалды

Астана. 21 ақпан. ҚазТАГ - Қайрат Рахымов ҚР энергетика вице-министрі болып тағайындалды, деп хабарлады ҚР премьер-министрінің баспасөз қызметінен.
«ҚР Үкіметінің 2020 жылғы 21 ақпандағы Қаулысымен Қайрат Болатұлы Рахымов Қазақстан Республикасының энергетика вице-министрі лауазымына тағайындалды», - делінген жұмадағы хабарда.
Қайрат Рахымов 2007-2015 жылдары ҚР Энергетика министрлігінде және Табиғи монополияларды реттеу агенттігінде сарапшы, бас сарапшы, басқарма басшысы лауазымдарын атқарған. 2015-2018 жылдары — ҚР Энергетика министрлігі Электр энергетикасы және көмір өнеркәсібі департаменті директорының орынбасары. 2018 жылғы шілдеден бастап қазіргі таңға дейін ҚР Энергетика министрлігінің Электр энергетикасы департаментінің директоры қызметін атқарды.

adimage