Атырауда жоғалып кеткен бір жарым жасар сәби өлі табылды

Күні: 12:14, 22-05-2020.

Атырау. 22 мамыр. ҚазТАГ – Атырауда жоғалып кеткен бір жарым жасар сәби өлі табылды, деп хабарлады «Мой город» порталынан.
«Сәбидің денесі үйінің қасындағы әжетқұдықтан табылды. Оқиға орнында шұғыл-іздестіру жұмыстары жүргізілуде», - деді Атырау облысы полиция департаменті баспасөз хатшысы Гүлназира Мұхтарова.
Бұған дейін хабарлағандай, бір жарым жасар Әли ауладан жоғалып кеткен. Оны іздестіруге қала, ауыл маңы тұрғындары мен еріктілер, барлығы 400 адам, ұлттық гвардияның 50 жауынгері, 100-ден астам полицей, 20 бірліктен астам техника, ТЖД төрт бірлік техникасы, 16 адам мен қызметтік иттер жұмылдырылған.


Жаңалықтармен бөлісу: