Атырау. 2 сәуір. ҚазТАГ – Атырауда тірі туған сәбиді өлі туды деп жалған мәлімет толтырған «Атырау облыстық патологоанатомиялық бюросы» ШЖҚ ҚМК директорының бұрынғы міндетін атқарушы И.Молдағалиев Т1,3 млн айыппұлмен құтылды, деп хабарлады ақпарат агенттігінен.
«Осы жылдың 28 наурызында Атырау қаласының №2 сотының үкімімен И.Молдағалиевке 1 325 500 теңге көлеміндегі айыппұл салынды. Сотталушы өмір бойына мемлекеттік қызметте лауазым атқару құқығынан айырылды», - делінген бейсенбіде таратылған сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет хабарында.
Молдағалиевке лауазымдық өкілеттігін асыра пайдалану және қызметте жалған құжат жасағаны үшін айыппұл салынып отыр.
«Ол сот-медициналық сараптаманың қорытындысы бойынша тірі туылған нәрестені өлі туған деп көрсетіп, патологоанатомиялық зерттеудің хаттамасына көрінеу жалған ақпарат енгізу арқылы лауазымдық өкілеттіктерін асыра пайдалануға күдікті болды», - деді ведомстводан.
Бұған дейін хабарланғандай, Атырау облыстық перинаталдық орталық дәрігерлері жаңа туылған шақалақты өлтірді деген күдікке ілінген еді. 4 қазанда сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес қызметінен хабарлағандай, жаңа туылған сәби дәрігерлердің немқұрайлығынан өлі туылды деп рәсімделген, бірақ ол тірі болған. Бала жыбырлаған кезде, сыбайлас жемқорлық қызметкерлерінің айтуынша, оны аман алып қалу шараларын шұғыл түрде қолданудың орнына дәрігерлер толтырылған құжатқа сәйкес әрекет етуді дұрыс санап, нәрестені тоңазытқышта қалдырған.
Бір күн бұрын – 3 қазанда белгілі болғандай, «Атырау облыстық перинаталдық орталығы» ШЖҚ РМК басшысына қатысты Атырау облысы сыбайлас жемқорлықпен күрес қызметі бірқатар сыбайлас жемқорлық қылмысын жасаған деген күдікпен сотқа дейінгі тергеу амалдарын бастаған. Сот санкциясымен күдікті қамауға алынды.
Белгілі болғандай, екі ай ішінде Атырау перзентханасында 40-тан астам шақалақ шетінеп кеткен.
Еске салсақ, 6 тамызда ҚазТАГ ХАА Атырау облысы прокуратурасына сілтеме жасай отырып, 2019 жылдың басынан бастап Атырау облыстық перинаталдық орталығында туа сала шетінеп кеткен 56 бала тіркелген. 9 қаңтарда агенттік 2018 жылы сол перзентханада 100-ден астам шақалақ шетінегенін айтқан еді.
7 қазанда жағдайға түсінік берген Біртанов бір жылда 2,5 мыңдай сәби өлімі тіркелгенін мәлімдеді. Бүгінгі таңда 2200 жағдай. Өлім жағдайының көптігі Көкшетау, Қызылорда және Алматы облыстарында тіркелген. Бұл облыстардағы көрсеткіш Атыраудан екі есе жоғары», - деді дүйсенбіде үкімет кулуарында журналистердің сұрағына жауап берген Біртанов.
Сондай-ақ, белгілі болғандай, екі ай ішінде Атырау перзентханасында 40-тан аса нәрестенің шетінеп кету жағдайы тіркелген.
Қатысты сілтемелер
-
Алдағы үш тәулікте Қазақстанның басым бөлігінде нөсер жаңбыр жауады29 Наурыз 2024, 15:00
-
Бектенов депутаттардың «Отбасы банкіне» қатысты сынына жауап берді29 Наурыз 2024, 14:51
-
Қазақстан Ұлттық банкі World Painting коллекциялық монеталарын айналымға шығарады29 Наурыз 2024, 13:53