Атырау облысында сейсенбі күні шаңды дауыл күтіледі

Күні: 18:57, 13-07-2020.

Атырау. 13 шілде. ҚазТАГ – Атырау облысында сейсенбі күні шаңды дауыл күтіледі, деп хабарлады «Қазгидромет» РМК баспасөз қызметінен.
«14 шілде Атырау облысында кей жерлерде түнде найзағай, күндіз шаңды дауыл күтіледі. Кей жерлерде оңтүстік-шығыстан жел соғады екпіні 15-20 м/с күтіледі», - делінген дүйсенбіде таратылған хабарда.
Дауылдың ықтималдығы 80-85%.


Жаңалықтармен бөлісу: