Атырау облысында Исатай Таймановтың ескерткіші бой көтерді

Алматы. 15 қараша. ҚазТАГ - Атырау облысында Исатай Таймановтың ескерткіші бой көтерді, деп хабарлады облыстық өңірлік коммуникациялар қызметінен (ӨКҚ).
«XVIII ғасырдағы соңғы хан билігі тұсында ұлт-азаттық көтерілістің қолбасшысы, халық батырының ескерткіші Исатай ауданының орталығы Аққыстау ауылында қойылды. Ескерткіштің авторы - ҚР Суретшілер одағының мүшесі Серік Матениязов. Биіктігі 12 метр», - делінген жұмадағы хабарда.
Тайманов ескерткішінің ашылу салтанатына Атырау облысының әкімі Серік Шапкенов қатысты. Ол аталмыш ескерткіштің елдегі биік ескерткіштердің бірі екенін атап өтті.
«Мен (Исатай ауданында Тайманов ескерткішінің орнатылуын – ҚазТАГ) дұрыс шешім деп ойлаймын. Ескерткішті жасаушылар уақытында аяқтап, жұмысты сапалы орындап шықты. Біздің бүгінгі міндетіміз - ұрпақ есінде халық батарлары туралы естелікті мәңгі қалдыру. Балаларымызды осы бағытта тәрбиелеуіміз керек. Қолына найза ұстаған Исатай батыр ескерткіші республикадағы ең сәулетті ескерткіш. Барлық исатайлықтарды осы айтулы күнмен құттықтаймын», - деді әкімінің бірінші орынбасары.
Дәстүрлі бір минут үнсіздіктен кейін ескерткішті облыстық ардагерлер кеңесінің төрағасы Қатимолла Ризуанов, аудандық ардагерлер кеңесінің орынбасары Беимбет Наримаұлы мен соғыс ардагерінің жары Калима Абуова ашты.
«Жақында ғана Исатай Тайманов туралы кітап жарыққа шықты, оның авторы белгілі ғалым Амангелді Самғонов», - деді ОКҚ-нен.

adimage