Атырау облысы әкімінің бірінші орынбасары тағайындалды

Күні: 16:07, 22-05-2020.

Атырау. 22 мамыр. ҚазТАГ – Атырау облысы әкімінің бірінші орынбасары тағайындалды, деп хабарлады облыс әкімінің баспасөз қызметінен
«Атырау облысы әкімінің бірінші орынбасары лауазымына ҚР Президентi Әкімшілігінің келісімімен Нұрлан Бақтыбайұлы Таубаев тағайындалды. Атырау облысының әкімі Махамбет Досмұхамбетов жаңа орынбасарын облыстық мәслихаттың кезекті сессиясында таныстырды. (…) Бұған дейін Атырау облысы әкімінің бірінші орынбасары болған Серік Жамбылұлы Шапкенов басқа қызметке ауысуына байланысты өз өтінішімен қызметінен босатылды», - делінген жұмадағы хабарда.
Нұрлан Таубаев 2018-2019 жылы Атырау қаласы әкімінің орынбасары, Атырау облысы әкімінің орынбасары лауазымдарын атқарған, 2008-2012 жылдары Атырау облысының аумақтық сайлау комиссиясының төрағасы қызметін қоғамдық негізде атқарған. Соңғы жұмыс орны - Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Табиғи монополияларды реттеу комитеті Атырау облысы бойынша департаментінің басшысы.


Жаңалықтармен бөлісу: