Қатар Қазақстанға COVID-19-бен күресу үшін гуманитарлық көмек жіберді

Күні: 10:59, 22-05-2020.

Астана. 22 мамыр. ҚазТАГ – Қатар Қазақстанға COVID-19-бен күресу үшін гуманитарлық көмек жіберді, деп хабарлады сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметінен.
«Бүгін «Qatar Airways» әуекомпаниясының арнайы рейсімен Дохадан Нұр-Сұлтанға жалпы салмағы 8.5 тонна құрайтын гуманитарлық жүк жеткізілді. Оның ішінде жеке қорғану құралдары бар - жоғары сапалы N95 респираторлы медициналық маска, арнайы киім, қолғап, көзілдірік, халат және өзге де медициналық құралдар», - делінген бейсенбідегі хабарда.
Хабарда нақтыланғандай, көмек Қатар Әмірі шейх Тамим бен Хамад Әл Танидің тапсырмасы бойынша ұйымдастырылған.


Жаңалықтармен бөлісу: