«Ата жолы» картасы бойынша тұрақты тұруға рұқсат алуды жеңілдетпек

Астана. 30 мамыр. ҚазТАГ – «Ата жолы» картасын ұстаушыларға «бір өтініш» қағидаты бойынша тұрақты тұруға рұқсат алудың оңайлатылған тәртібімен мүмкіндіктер берілмек, деп хабарлайды агенттіктің тілшісі.
«2023 жылдың маусым айында шетелде тұратын этникалық қазақтар үшін «Ата жолы» картасы енгізілді. Бүгінгі таңда 55 өтінім (124 адам) мақұлданды, оның ішінде 25 картаны (67 адам) бизнес-иммигранттар және 30 картаны (57 адам) сұранысқа ие кәсіп иелері алды», - деп мәлімдеді Тамара Дүйсенова сенат депутаттарының миграция туралы сауалына жауап бере отырып.
Вице-премьердің берген анықтамасына сәйкес, «сұранысқа ие мамандықтар» бойынша 11 елдің азаматтары картаны алды: Ресейден 15 адам, Германиядан 4 адам, Моңғолия мен ҚХР-дан 2 адам, АҚШ, Израиль, Нидерланды, Өзбекстан, Қырғызстан, Финляндия және Австриядан 1 адам. «Бизнес-иммигрант» ретінде картаны 10 елден алды: Ресейден 12 адам, Ауғанстаннан 3 адам, ҚХР мен Моңғолиядан 2 адамнан, Австрия, Израиль, Германия, Түркия, Өзбекстан және Түрікменстаннан 1 адамнан.
Үкімет басшысының орынбасары ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз етуде ішкі істер органдарының аумақтық бөлімшелеріне «Ата жолы» картасын алуға өтініш білдірген өтініш беруші туралы (террористік немесе экстремистік ұйымдарға жататындығы, тиісті өңірлердің ұлттық қауіпсіздік органдарында құқық бұзушылық жасағаны туралы айыптау мәліметтерінің бар-жоғын тексеруді жүзеге асыру) тиісті сауалдар жіберу бөлігінде заңнамалық өзгерістер енгізілгенін айтты.
«Карта ұстаушыларға «бір өтініш» қағидаты бойынша тұрақты тұруға рұқсат алудың оңайлатылған тәртібімен мүмкіндіктер беру бөлігінде заңнамалық түзетулер енгізілуде», - деді ол.

Фото көзі: gov.kz


adimage