Астана.26 мамыр.ҚазТАГ- Астанада жол төсемінің жөнделуіне байланысты Ш.Айтматов көшесі мен Қорғалжын тас жолының қиылысы жабылды, деп хабарлады әкімдіктің баспасөз қызметі.
«Жол төсемінің жөнделуіне байланысты 26 мамыр 00:00-ден 28 мамыр аралығында Ш.Айтматов көшесі мен Қорғалжын тас жолының қиылысы автокөлік құралдары үшін қозғалыс толығымен жабылады»,- делінген хабарламада.
Астана тұрғындары мен қонақтарынан қала жолдарындағы кептеліс жағдайларын болдырмау мақсатында қозғалыс бағытын алдын ала жоспарлауды сұрайды.
Астанада жол төсемінің жөнделуіне байланысты Ш.Айтматов көшесі мен Қорғалжын тас жолының қиылысы жабылды
