Астана.1 ақпан.ҚазТАГ- Астанада әйел мен иті мұз астына түсіп кеткен, деп хабарлайды төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі.
«31 қаңтар күні таңғы сағат 9.22-де елордалық ТЖД Жедел-құтқару жасағының құтқарушылары Кенесары көшесі ауданында Есіл өзеніне ит суға батып бара жатқаны туралы хабарламаға шықты. Белгілі болғандай, әйел итпен серуендеп жүрген, кенет жануар өзен үстіне жүгіріп шығып, мұз астына түсіп кеткен. Итін құтқармақ болып ұмтылған әйелдің әрекетінен нәтиже шықпай, өзі де суға бата бастаған», - делінген хабарламада.
Сол уақытта сол маңнан өтіп бара жатқан ер адам құтқарушылар келгенге дейін әйелді судан алып шыққан. ТЖД бөлімшелері келген кезде ит әлі де суда болды.
«Құтқарушылар дереу итті судан шығаруға кірісті. Бақытымызға орай, құтқару операциясы сәтті аяқталды, ит иесіне тапсырылды. Әйел мен үй жануарының жағдайы жақсы, олардың өміріне еш қауіп жоқ», - деді ТЖД-дан.
Қатысты сілтемелер
-
KASE саудасында теңгенің орташа бағамы Т1,35-ке өсіп, Т446,77 болды29 Наурыз 2024, 17:43
-
Кіші медициналық персоналдың жалақысы төрт жылда екі есеге артады - Дүйсенова29 Наурыз 2024, 17:35
-
Ақтөбе облысында Ақтөбеден басқа тағы төрт ауданда ТЖ режимі жарияланды29 Наурыз 2024, 17:20
-
Көкшетауда су тасқыны салдарынан ТЖ режимі жарияланды29 Наурыз 2024, 17:06
-
Маңғыстауда теңіз жағалауынан 40 итбалықтың өлексесі табылды29 Наурыз 2024, 16:08