Астанадағы Сирия жөніндегі кезекті келіссөздер сәуірде өтеді – мәлімдеме

Алматы. 15 ақпан. ҚазТАГ – Иран, Ресей мен Түркия президенттері Владимир Путин, Хасан Роухани мен Тайип Эрдоган Астанадағы Сирия жөніндегі кезекті келіссөздер раундын ағымдағы жылдың сәуірінде өткізуді тапсырады.
«2019 жылдың сәуірінде Астанада Сирия жөніндегі кезекті халықаралық кездесуді (МВСА-12) өткізу бойынша өз өкілдеріне тапсырма беруге келісті», - делінген Сочиде өткен саммит қорытындысы бойынша үш ел басшыларының ортақ мәлімдемесінде.
Астанадағы Сирия жөніндегі конференция («астаналық формат» деп аталады) – сириялық қақтығысты реттеу бойынша Ресей, Иран мен Түркияның бастамасы.
Сирия жөніндегі «астаналық форматта» бұған дейін өткен келіссөздің раундына әлемдік сарапшылар түрлі баға берді. АҚШ мемлекеттік департаментінің ресми өкілі Хезер Науэрт бұл кездесу Сирияны саяси реттеуде ілгерілеушілікке қол жеткізбеді және осы қайғылы қақтығыстағы саяси прцесс бағытында да прогреске қол жеткізе алмады деп мәлімдеді.
Ресей болса, «астаналық форматты» барынша табысты және нәтижелі деп бағалады. Сириядағы қақтығысты бейбіт реттеу бойынша келіссөздер Астанада 2017 жылдың қаңтарынан бастап өткізіліп келеді, соңғы 11-ші келіссөз Астанада 2018 жылдың 29 қарашасында аяқталған еді.

adimage