Астанада екі қиылыстағы учаскелер жөндеу жұмысына байланысты жабылды

   Астана.7 маусым.ҚазТАГ- Астанада екі қиылыстағы учаскелер жөндеу жұмысына байланысты жабылды,деп хабарлайды қала әкімдігінің баспасөз қызметі.
   «Елордалық Көлік және жол-көлік инфрақұрылымын дамыту басқармасы Астана-Қарағанды тас жолы мен Қобда тұйық көшесінің қиылысында, сол сияқты Айтматов көшесі мен Қорғалжын тас жолының қиылысында жөндеу жүргізуде»,- делінген сәрсенбі күнгі хабарламада.
   Жұмыс Жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында қаланың ПД әкімшілік полиция басқармасының келісімі бойынша жүргізілуде.
   «Айтматов көшесі мен Қорғалжын тас жолының қиылысында оң жақ съездің жол төсеміне орташа жөндеу жүргізілуде. Осыған байланысты 7 маусымда Айтматов көшесінен Ильинка елді мекені бағытындағы оң жақ съезі толығымен жабылды. Сондай-ақ жол төсемін ағымдағы жөндеу Астана-Қарағанды тас жолы мен Қобда тұйық көшесінің қиылысында жүргізілуде. Бұл орындағы қозғалыс 7-9 маусым аралығында ішінара жабық болады»,- делінген хабарламада.

adimage