Астанада бір көшені салуға Т1,1 млрд жуық жұмсамақ

Астана. 20 қыркүйек. ҚазТАГ – Астана қаласында бір көшені салу бойынша жұмыстарға Т1,1 млрд жуық жұмсамақ, деп хабарлайды агенттіктің тілшісі.

«Тапсырыс беруші – «Астана қаласының көлік және жол-көлік инфрақұрылымын дамыту басқармасы» мемлекеттік мекемесі; атауы - автомобиль жолдарын салу бойынша жұмыстар; қосымша сипаттамасы - Астана қаласында Қараменде би Шақаұлы көшесінен №189 көшеге дейін (жобалық атауы) көше салу; саны - бір; өлшем бірлік - бір қызмет; жоспарлы сома - Т1 072 086 370», - деп мемлекеттік сатып алу порталындағы лот сипаттамасында айтылған.

Конкурсқа өтінімдерді қабылдау мерзімі 27 қыркүйекте басталып, 14 қазанға дейін жалғасады.

Фото көзі: kgd.ru


adimage