Түркістан. 7 тамыз. ҚазТАГ – Арыс тұрғындары қалпына келтірілген үйлердің сапасына шағымданды, деп хабарлады мемлекеттік БАҚ.
«Сапасыз пештер қойған, жылыту жүйесі сәйкес келмейді. Қыс бойы тұра алмадық. Жары ылғал, едені ісініп кетті, едендері сапасыз, іргеліктері ашылып кетті, есіктері де сапасыз», - деді Арыс тұрғыны Марина Георгиади.
Қалпына келтірілген үйдің сапасына оның көршісі Ольга Анпилогова да шағымданды.
«Үйді жақсы салған, бірақ пештері нашар. Түтіндейді. Міне мына жерден түтін шығады. Терезе мен есіктің қасында болғаны жақсы болды. Соларды ашып тастап, желдетіп аламын, түтіні кетсін деп», - деді Анпилогова.
Басқа тұрғындардың да проблемалары осыған ұқсас.
«Бұл жерлегі үйлерді қалпына келтірумен былтыр Нұр-Сұлтан қаласынан келген 20-ға жуық мердігер компания айналысты. Жұмыстар өте асығыс жасалды. Алайда құрылысшылар барлық кемшілікті жоямыз деп уәде берді», - делінген хабарда.
Мердігер мекемелердің бірінің өкілі Ернар Қожақметұлы құрылыс жұмыстары барысында кемшіліктердің болғанын мойындады.
«Біз оларды жоюға уәде бердік. Ертерек келуді жоспарладық, бірақ карантин салдарынан келе алмадық. Эпиджағдай жақсарса, барлығын түзетеміз. Былтыр құрылыс мерзімі өте қысқа болды. Жұмыстарды салқын түскенше бітіруіміз керек болатын», - деді Қожақметұлы.
Бұл жағдайды жергілікті билік те біледі.
«Біз бұл проблеманы білеміз. Бес жылдық кепілді мерзімі бар, соның аясында шартқа сәйкес, мердігерлер кемшілікті жоюға міндеттенеді. Компаниялар міндеттемелерінен бас тартып отырған жоқ», - деп мәлімдеді Арыс құрылыс бөлімінің инспекторы Бағдат Битлесов.
Арыстағы 8 мың үйдің 7 мыңнан астамы жарылыс кезінде зақымданды.
«Олардың 400-і қайта тұрғызылды. Жұмыстарға 500-ден астам компания мен 10 мыңдай құрылысшы жұмылдырылды», - делінген хабарда.
Еске салсақ, 24 маусымда сағат 9.20-да өрт сөндіру қызметінің тетігіне Түркістан облысы Арыс қаласында №44856 әскери бөлімнің аумағындағы қоймада жарылыс болғаны туралы хабар келіп түскен. Жарылыс салдарынан үш адам қаза тапты, 165 адам зардап шекті. Қорғаныс министрлігінде нақтылағандай, қоймадағы жарылысқа өрттің шығуы себеп болған. Жарылыс салдарынан Т96 млрд. соманың қару-жарағы жойылды, ал жеке және заңды тұлғаларға келтірілген жалпы залал Т143 млрд. асқан. Жарылыс салдарын жоюға Т38 млрд. жұмсалды.
2020 жылы мамыр айының басында сотталушылар орындығына отырған 16 адамның басым көпшілігі – қорғаныс министрлігінде секілді, еліміздің оңтүстігінде басшылық қызмет атқарған жоғары лауазымды офицерлер. Алдын-ала тыңдалым 4 мамырда басталған. Сондай-ақ белгілі болғандай, қару-жарақ қоймасындағы өрескел бұзушылықтар туралы жергілікті секілді, елордалық офицерлер де білген, 15 маусымда белгілі болғандай, істегі бес фигурант Нұр-Сұлтандағы қорғаныс министрлігінде қызмет еткен. Сонымен қатар белгілі болғаны, 2019 жылғы Арыс қоймасындағы жарылыс істен шыққан оқ-дәрінің өртенуінен басталған. Оған қоса белгілі болғандай, Арыстағы жарылысты тоқтатуға Қазақстан қорғаныс министрлігі Т650 млн астам қаржы бөлген, алайда ақша жарты жолда қолды болған.
Көшпелі форматтағы басты сот тергеуі Шымкентте 11 маусымда басталды.