Астана.2 маусым.ҚазТАГ- Ардақ Тиес Төтенше жағдайлар министрлігі аппаратының басшысы қызметінен босатылды, деп хабарлайды агенттік тілшісі.
"ҚР төтенше жағдайлар министрінің бұйрығымен Ардақ Сиязбекұлы Тиес берген өтінішіне сәйкес ҚР Төтенше жағдайлар министрлігі аппаратының басшысы қызметінен босатылды", - делінген жұма күнгі хабарламада.
Тиес 2021 жылдың ақпан айынан бастап ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің аппарат басшысы қызметін атқарды.
Қатысты сілтемелер
-
KASE саудасында теңгенің орташа бағамы Т0,45-ке өсіп, Т443,77 болды24 Сәуiр 2024, 17:50
-
Ұлыбритания СІМ басшысы Дэвид Кэмерон Астанаға келді24 Сәуiр 2024, 17:45
-
Алдағы үш күнде Қазақстанның басым бөлігінде жаңбырлы ауа райы күтіледі24 Сәуiр 2024, 17:22