Қарағандыда Т700 млн сомаға зиян келтірген күдікті ҰҚТ ісі сотқа жолданды

Қарағанды. 18 қаңтар. ҚазТАГ – Қарағандыда Т700 млн сомаға зиян келтірген ұйымдасқан қылмыстық топтың ісі сотқа жолданды, деп хабарлады Қазақстан қаржы министрлігінің қаржылай мониторинг комитетінің баспасөз қызметінен.
«Қылмыстық топ мүшелелері ҚР Қаржы министрлігі Қаржы мониторингі комитетінің Қарағанды облысы бойынша Экономикалық тергеу департаменті қызметкерлері жүргізген жедел-тергеу іс-шараларының нәтижесінде қолға түскен. Аталмыш органның баспасөз қызметінің мәліметтеріне қарағанда, тергеу барысында 7 адамнан тұратын топ жалған келісімшарттар жасау және шығындарды жасанды көбейту арқылы бюджетке салық төлеуден жалтару кезінде салық төлеушілер-контрагенттерге көмектесу мақсатында бақылауда ұстаған 13 кәсіпорын құрғаны анықталды», - делінген дүйсенбідегі хабарда.
Аталған адамдардың қылмыстық іс-әрекетінен мемлекетке келтірілген жалпы залал көлемі 700 миллион теңгеден асады.
«7 күдіктіге қатысты ешқайда кетпеу туралы қолхат, 1 күдіктіге қатысты үйқамақ түрінде бұлтартпау шарасы қолданылды. Қылмыстық іс бекітілген айыптау актісімен сотқа жолданды», - делінген комитет хабарында.

adimage