Қарағандыда үш жасөспірім жасырын есірткі зертханасын ұйымдастырған деген күдікке ілінді

Қарағанды. 26 қазан. ҚазТАГ – Қарағандыда үш жасөспірім жасырын есірткі зертханасын ұйымдастырған деген күдікке ілінді, деп хабарлады ҚР ішкі істер министрлігінің ресми интернет-ресурсынан.
«Қарағандыда есірткі бизнесімен күрес қызметкерлері синтетикалық есірткі дайындайтын зертхана ұйымдастырған үш жасөспірімді ұстады. Олар бұл үшін арнайы пәтер жалдаған. Тінту барысында арнайы құрылғылар мен химиялық реагенттер тәркіленді», – деді дүйсенбі күні ІІМ ресми өкілі Нұрділдә Ораз дүйсенбідегі онлайн-брифингте.
Хабарда нақтыланғандай, жасөспірімдер синтетикалық есірткі жасаумен айналысқан. Оның жасалу жолын интернеттен қараған, ал керек заттарды өздері сатып алған.
Хабарда атап өтілгендей, жыл басынан бері заңсыз айналымнан 4,5 тоннадан астам түрлі есірткі заттары тәркіленген. Олардың ішінде бес килограмнан астамы синтетикалық түрге жатады. Оны көбіне 17-25 жас аралығындағы жастар сатып алады.
«Синтетикалық есірті дайындайтын екі жасырын зертхана анықталды. Олардың бірі Қарағандының үш жасөспіріміне тиесілі. Атап өтелік, қылмыстық жауапкершілік 16 жастан басталады. 5 жылдан 20 жылға дейін бас бостандығынан айыруды көздейді. Ал кей жағдайларда өмір бойына дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін», – деді Қарағанды облысы полиция департаментінен.

adimage