Қарағандыда әкімшілік ғимараттар кешенін реконструкциялауға Т3 млрд астам қаражат жұмсамақ

Астана. 13 қыркүйек. ҚазТАГ – Қарағанды қаласында әкімшілік ғимараттар кешенін реконструкциялауға Т3 млрд астам қаражат жұмсамақ, деп хабарлайды агенттіктің тілшісі.

«Тапсырыс беруші – «Қарағанды қаласының құрылыс бөлімі» ММ; атауы - тұрғын емес ғимараттарды/құрылыстарды салу бойынша жұмыстар; қосымша сипаттамасы - Қарағанды қаласы, Чкалов көшесі, 3-құрылыс мекенжайындағы әкімшілік ғимараттар кешенін реконструкциялау, салу; саны - бір; өлшем бірлік - жұмыс; жоспарлы сома - Т3 019 088 055», - деп мелекеттік сатып алу порталындағы лот сипаттамасында айтылған.

Конкурсқа өтінімдерді қабылдау мерзімі 20 қыркүйекте басталып, 7 қазанға дейін жалғасады.

Фото көзі: pixabay.com


adimage