Қарағандыда көктайғақ салдарынан 30-ға жуық ЖКО орын алған

Алматы. 18 сәуір. ҚазТАГ – Қарағандыда көктайғақ салдарынан 30-ға жуық ЖКО орын алған, деп хабарлады Қарағанды облысы полиция департаментінің (ПД) баспасөз қызметінен.
«Қолайсыз ауа райы салдарынан және жол қозғалысы ережесінің сақталмауынан таң атқалы Қарағанды облысында 26 ЖКО орын алған», - делінген бейсенбіде таратылған хабарда.
Сонымен, полицейлердің ақпарынша Қарағанды-Теміртау көлік жолында 35 жасар SsangYong көлігінің жүргізушісі, алдын-ала ақпар бойынша көктайғақ кезінде көлік рөлін басқара алмай қалып, Toyota және Lada Priora көліктеріне соққан.
«ЖКО салдарынан SsangYong бір жолаушысы мен Lada Priora төрт жолаушысы ауруханаға жеткізілген», - деді өңір ПД-нен.
Аталмыш дерек бойынша әкімшілік хаттама толтырылған.

adimage