Қарағандыда 80 жасар ер адам құдыққа құлап омыртқасын сындырып алды

Күні: 15:43, 14-08-2019.

Алматы. 14 тамыз. ҚазТАГ - Қарағандыда 80 жасар ер адам құдыққа құлап омыртқасын сындырып алды, деп хабарлады агенттік тілшісі.
«Құдықтың коллекторына құлаған 1939 ж.т. ер адамның омыртқасы қысылып сынған. Ол Мақажанов ат. ауруханаға жеткізілді. Жағдайы қалыпты», - деп хабарлады сәрсенбіде Қарағанды облысы денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметінен.
Өз кезегінде облыстық ТЖД баспасөз қызметі жағдайдың 13 тамызда орын алғанын хабарлады.
«13 тамызда сағат 17.45-те Шахта шоссесі бойындағы «Свежесть» бау-бақша қауымдастығында 1939 ж.т. ер адам байқаусызда құдық коллекторына құлап кеткен. Оқиға орнына келген ТЖД құтқарушылары омыртқасы сынған болуы мүмкін деген күдікпен зардап шегушіні шығарып алып, жедел-жәрдем қызметкерлеріне тапсырған», - деп хабарлады Қарағанды облысы ТЖД баспасөз қызметінен.


Жаңалықтармен бөлісу: