Қарағандыда 2 жасар қызын кепілде ұстаған ер адам ұсталды

Күні: 11:25, 18-04-2019.

Алматы. 18 сәуір. ҚазТАГ - Қарағандыда 2 жасар қызын кепілде ұстаған ер адам ұсталды, деп хабарлады Қарағанды облысы полиция департаментінің (ПД) баспасөз қызметінен.
«17 сәуірде сағат 15.20-да «102» телефонына қаланың 34 жасар тұрғынының өзінің кішкентай қызын кепілде ұстап отырғаны туралы хабар келіп түскен. Оқиға орнына барлық жедел қызмет қызметкерлері жетті. 4 сағат бойы жүргізілген келіссөздерден кейін (…) полицейлер 2 жасар қызды босатты. Ұсталған ер адам полицияға жеткізілді. Операция кезінде ешкім зардап шеккен жоқ. Ер адамды мұндай әрекетке ненің итермелегені белгісіз», - делінген сәрсенбідегі хабарда.
Департаментте хабарлағандай, аталмыш дерек бойынша ҚР ҚК 261 б.2 б. (кепілге алу)  сотқа дейінгі тергеу басталған.
«Басқа ақпарат ҚР ҚПК 201 бабына сәйкес жария етілмейді», - делінген хабарда.


Жаңалықтармен бөлісу: