Қарағанды, Жезқазған мен Теміртауда бірқатар көшенің атауы өзгертілді

Алматы. 15 ақпан. ҚазТАГ – Қарағанды, Жезқазған мен Теміртауда бірқатар көшенің атауы өзгертілді, деп хабарлады Қарағанды облысы әкімдігінің сайтынан.
«Теміртау қаласында осыған дейін атауы болмаған, ҚР Тұңғыш Президенті Тарихи-мәдени орталығының жанында орналасқан алаңдар мен гүл бақтарына атау берілді. Металлургтер қаласында, сондай-ақ Қарағанды және Жезқазғанда да көше атаулары өзгертілді.
14 ақпан, бейсенбіде өткен XXII кезектен тыс сессия барысында Қарағанды облысы мәслихатының депутаттары атау өзгертулерін өз шешімдерімен заңдастырды», - делінген хабарда.
Сонымен Қарағандыда 16 көшенің атауы өзгертілді: 3-ші қазандық - Ардақ көшесіне, Батарейная - Қайнар көшесіне, Болотная - Бірлік көшесіне, Коминтерна - Ынтымақ көшесіне, Мануфактурная - Аққайын көшесіне, Пионерская - Саялы көшесіне, Рабкоровская - Серпін көшесіне, Совхозная - Өркен көшесіне, Социалистическая - Арман көшесіне, Торпедная - Арай көшесіне, Насыпная - Жағалау көшесіне, Отвальная - Талды көшесіне, Паровозная - Береке көшесіне, Портовская - Саяхат көшесіне, Пикетная - Самал көшесіне, Пахотная - Тұмар көшесіне.
Теміртауда 5 көшенің атауы өзгертілді: Қарағанды шоссесі – Қарағанды, Нижняя көшесі - Жұмабек Тәшенов, Степан Разин – Сарыарқа, Пионерская - Евгения Брусиловского, Советская – Ынтымақ.
«Қаланың орталығында орналасқан атауы жоқ алаң мен гүл бағы Астана және Бірлік деп аталды», - делінген хабарда.
Сондай-ақ, Жезқазған қаласында 14 көше мен 4 тұйық көшенің атаулары ауыстырылды: Первомайская – Көктем, Аварийная – Дауылпаз, Кирзаводская – Сарыжайлау, Новопролётная – Шұғыла, Геологическая – Ынтымақ, Аномальная – Балбырауын, Геофизическая – Темірқазық, Искателей – Ақдала,Орбитальная – Қайнар, Первооткрывателей – Шамшырақ, Поисковая – Шалқар, Энтузиастов – Ырыс, Жезказганская – Достық, Балхашская – Қаражар, Совхозный тұйық көшесі – Наурыз, Целинный тұйық көшесі – Керуен, Тихий тұйық көшесі – Бірлік, Рабочий тұйық көшесі – Шапағат.
«Металлургтер алаңына Қаныш Сәтбаев алаңы атауы берілді», - делінген хабарда

adimage