Қарағанды облысында 2020 жылы 22 мыңға жуық қаңғыбас жануарлар ұсталып, жойылды

Қарағанды. 19 қазан. ҚазТАГ – Қарағанды облысында 2020 жылы 22 мыңға жуық қаңғыбас жануарлар ұсталып, жойылды, деп хабарлады ҚазТАГ.
«2020 жылдың қорытындысы бойынша 21 851 бас қаңғыбас жануар ұсталып, жойылды. Оған Т69 млн жұмсалды», - деп хабарлады сейсенбіде Қарағанды облысы ветеринария басқармасынан.
Ведомствода атап өткендей, «жыл сайын иесіз қаңғып жүрген иттердің шабуылынан зардап шегу деректері тіркеліп келеді».
«Соған байланысты, адамдар мен жануарлар арасында құтыру ауруының көзін болдырмау мен оның таралуына жол бермеу мақсатында, сондай-ақ иесіз жануарлардың көбеюіне жол бермеу үшін қаңғыбас иттер мен мысықтарды аулау шарасы жүргізілді», - деп ескертті обл.басқармасынан.
Аталмыш шараларды басқармада атап өткендей, аудандық және қалалық ветеринарлық стансалары «жеке және заңды тұлғалардан түскен арыздар негізінде жүргізеді».
« 2021 жылға аталмыш бағдарлама бойынша Т66,9 млн. бөлінген. Сосын арыз-шағымдардың өсуінен қаржыландыру көлемі Т75 млн. дейін өсті. Бір қаңғыбас жануарды ұстау шығыны Т4400 құрайды. 2022 жылға арналған қаржыландыру көлемі Т69,6 млн деңгейінде», - деп нақтылады ветеринария басқармасынан.

adimage