Арқалықтың кәріздік тазарту құрылыстарын қайта жаңартуға Т2,3 млрд астам жұмсамақ

Астана. 13 қыркүйек. ҚазТАГ – Қостанай облысы Арқалық қаласының кәріздік тазарту құрылыстарын реконструкциялауға Т2,3 млрд астам қаражат жұмсамақ, деп хабарлайды агенттіктің тілшісі.

«Тапсырыс беруші – «Арқалық қаласы әкімдігінің құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөлімі» ММ; атауы - работы по капитальному ремонту/реконструкции канализационных систем («кәріз жүйелерін күрделі жөндеу, қайта жаңарту бойынша жұмыстар», қазақша лотта атауы орыс тілінде жазылған – ҚазТАГ); қосымша сипаттамасы – «Арқалық қаласы кәріздік тазарту құрылыстарын реконструкциялау» объектісі бойынша құрылыс-монтаж жұмыстары; саны - бір; өлшем бірлік - жұмыс; жоспарлы сома - Т2 369 118 748», - деп мелекеттік сатып алу порталындағы лот сипаттамасында айтылған.

Конкурсқа өтінімдерді қабылдау мерзімі 20 қыркүйек пен 7 қазан аралығында өтеді.

Фото көзі: gov.kz


adimage