Алматының оңтүстік-шығысында 77 шақырым жерде 4,1 балдық жер сілкінісі орын алды

Алматы. 18 маусым. ҚазТАГ - Алматының оңтүстік-шығысында 77 шақырым жерде 4,1 балдық жер сілкінісі орын алды, деп хабарлады қазақстандық сейсмологтар.
«ҚР БҒМ ҒК СТӘЭ» ММ сейсмикалық станциялар желісімен 2019 жылғы 18 маусымда Алматы уақытымен 02 сағат 34 минут 35 секундта (Гринвич бойынша 2019 жылғы 17 маусым 20 сағат 34 минут 35 секунд) жер сілкінісі тіркелді. Жер сілкінісінің ошағы Алматының оңтүстік-шығысында 77 км жерде, Қазақстан аумағында орын алды. Жер сілкінісінің энергетикалық класы 8,9. Магнитудасы MPV 4,1», - делінген хабарда.
Хабарда айтылғандай, жер сілкінісінің орталығы 43,03° с.е., 77,83° ш.б. тереңдігі 15 км.
Жер сілкінісінің сезілгендігі туралы мәлімет жоқ (МSК-64 шкаласы бойынша).

adimage