Алматының екі ауданында суық су уақытша ажыратылады

   Алматы.28 қараша.ҚазТАГ- Алматының екі ауданында суық су уақытша ажыратылады, деп хабарлайды "Алматы су" МКҚК баспасөз қызметі хабарлады.
   «30 қарашада сағат 9:00 – ден 17:00 – ге дейін Бостандық ауданындағы Қожанов - Гагарин - Байқадамов - Жароков көшелерінің аумағында су беру уақытша тоқтатылады; ал Түрксіб ауданындағы Бехтерев, Вятка, Усачев, Монтин көшелерінде орналасқан жеке тұрғын үйлерде уақытша суық су болмайды»,- делінген хабарламада.
   Суық судан уақытша ажыратылуы жаңа инженерлік желілерді сумен жабдықтау жүйесіне қосу және технологиялық жабдықты ауыстыру жөніндегі жұмыстарды орындаумен байланысты.

adimage