Алматының Алатау ауданының экс-әкімі Алматы облысы әкімінің орынбасары болып тағайындалды

Күні: 13:32, 12-07-2019.

Алматы. 12 шілде. ҚазТАГ – Алматының  Алатау ауданының экс-әкімі Алматы облысы әкімінің орынбасары болып тағайындалды, деп хабарлады агенттік тілшісі.
«Бағдат Манзоров Алматы облысы әкімінің орынбасары болып тағайындалды», - деп хабарлады жұма күні ҚазТАГ ХАА тілшісіне Алматы облысы әкімінің баспасөз қызметінің басшысы Ғалымұрат Жөкел.
Ол нақтылағандай, Алматы облысының әкімі Амандық Баталов өңір активіне өзінің жаңа орынбасарын таныстырды.
«Ол ТҮКШ саласына басшылық етеді. Бұл үлкен учаске және Бағдат Сайланбайұлы бұл салаға өзінің барлық өмір тәжірибесі мен білімін жұмсайтынына сенімдімін. Бұл ең алдымен газ тарту, сумен жабдықтау және жол», - деді Баталов.
Манзоров 2008-2017 жылдар аралығында Алматының Алатау ауданының әкімі, оған дейін 2004-2008 жылдары «Айсер» ЖШС басқарған, одан бұрын 2001 - 2004 жылдары Алматы облысы Көксу ауданының әкімі болған.


Жаңалықтармен бөлісу: