Алматылықтарға Эдельвейс шатқалына шығудан бас тарта тұру ұсынылды

Алматы. 21 ақпан. ҚазТАГ - Алматылықтарға Эдельвейс шатқалына шығудан бас тарта тұру ұсынылды, деп хабарлады агенттік тілшісі.
«Шымбұлақ-Тұйықсу жолы учаскесінің қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін қар жамылғысының биіктігі мен орнықсыздығына байланысты (100 см) 21 ақпанда «Қазселденқұтқару» Эдельвейс шатқалында қар көшкінін профилактикалық жүрігізу жүргізілетінін хабарлады», - делінген жұмадағы Алматы төтенше жағдайлар департаментінің (ТЖД) баспасөз қызметінен.
Ведомствода атап өтілгендей, «төтенше жағдайларды болдырмау мақсатында департамент Алматы қаласы тұрғындарын, қонақтары мен туристерін профилактикалық шаралар жүргізілетін аталмыш жерлерге бармауға кеңес берді».
Еске салсақ, 16 ақпанда Алматыда Үлкен және Кіші өзендерінің бассейндерінде жауын-шашын мөлшерінің көптігінен және қар жамылғысының орнықсыздығынан қар көшкіні жүруі мүмкін екені хабарланған еді.
17 ақпанда Алматы ТЖД Алматыға жақын тауларда қар көшкіні болғанын хабарлады. Кейін ведомство нақтылағандай, 16-17 ақпанда Алматыға жақын тауларда жеті рет қар көшкіні болған.
19 ақпанда «Шымбұлақ» тау-шаңғы курортында және 20 ақпанда Үлкен Алматы өзенінің бассейнінде қар көшікінін профилактикалық түсіру жүргізілді.

adimage