Алматыда жарықтың өшуі Оңтүстік өңірдің энергожүйесіне әсерін тигізді – энергомині

Астана. 15 шілде. ҚазТАГ – Алматыда жарықтың өшуі Оңтүстік өңірдің энергожүйесіне әсерін тигізді, деп хабарлады Қазақстанның энергетика министрлігінің баспасөз қызметінен.
«Бүгін Алматыда Нұр-Сұлтан уақытымен сағат 14.30-да электр энергиясы өшіп қалды. Нәтижесінде ол Оңтүстік өңірдің энергетикалық жүйесіне әсерін тигізді, атап айтсақ ЖЭО -2 мен ЖЭО-3 электр энергиясы генерациясына, сонымен қатар каскадты ГЭС жұмысына (Қапшағай). Жүйедегі ақау себептері анықталуда. Барлық қалпына келтіру жұмыстары басталды және жақын арада аяқталады», - делінген дүйсенбіде таратылған хабарда.
Еске салсақ, бұған дейін хабарланғандай, Алматы мен қала аумағына қарайтын Алматы облысының бір бөлігі жарықсыз қалған. Қазіргі таңда қала мен облыста электр энергиясы кезең-кезеңімен қалпына келтірілуде. Алматы полициясы жарықтың болмауы салдарынан жол қозғалысын қолмен реттеп тұр.

adimage