Алматыда жүздеген жас чемпион грантсыз қалды

Алматы. 14 тамыз. ҚазТАГ – Бүгін атақты атлеттерге тегін оқу неге тиісті емес екенін білу үшін Алматыда Спорт академиясының қақпасының алдына наразы түлектер, ата-аналар, оқушылардың жаттықтырушылары жиналды, деп хабарлады «Алматы» ТА.  
«Алматыдағы республикалық спорт колледжінің түлектері мен басқа өңірлердің тағы жүздеген оқушысы тегін білімге қол жеткізе алмады.  Биыл бүкіл республикаға бар болғаны 450 грант бөлінген», - делінген сейсенбідегі хабарда.  
«Бірінші разрядтылар түсті, ал Азия чемпиондары, бірнеше мәрте Азия жүлдегерлері өте алмады. Неге осындай теңгермешілік болып тұр?», - деп түсінбейді жасөспірімдер арасындағы заманауи бессайыс бойынша жаттықтырушы Сергей Солдатов.
Академияда түсіндіргендей, биыл заң өзгерді. Енді грантты жоғары балл жинаған түлектер ғана алады. «Алтын белгі» және басқа да жетістіктерге қарамайды. Соның ішінде спорттық жетістіктерге де.  
«Менің ойымша, тек спортшылар түссе ғана дұрыс, себебі оқу бағдарламасы соларға лайықталып жасалған. Бірақ біз не істей аламыз? Біз оқуға түскендерді, тек жоғары балл жинағандарды ғана оқытамыз», - деді Спорт және туризм академиясының проректоры Мұхтар Есқалиев.  
Енді еліміздің жас чемпиондарына ақылы бөлімде оқуға тура келеді.   Немесе жеңілдіктерге үміттенуге болады.  Бұл ретте Академияда 4 жыл оқу Т2 млн. тұрады.
«Бізде жеңілдіктер бар. 10 -50% дейін. Жыл сайын студенттерге қолдау көрсету үшін біз ректордың атынан Т50 млн бөлеміз. Оларды 25 тамыздан кейін бөледі. Ал әзірге біз студенттерден өтініштер қабылдап жатырмыз», - деп атап өтті  М. Есқалиев.



adimage