Алматы. 17 маусым. ҚазТАГ – Алматыда жүргізуші опырғышқа соғып, көлік рөлінде көз жұмды, деп хабарлады агенттік тілшісі.
«1968 жылы туылған ер адам көлігімен солтүстік бағытта жылжып келе жатқан, кенет өзін жайсыз сезінген. Ол жолдың жиегіне шығып кетіп, жол белгісіне, сосын Жандосов пен Яссауи көшелерінің қиылысында тұрған пластмасса опырғышқа соғып, көз жұмған», - деп хабарлады дүйсенбіде оқиға куәгері.
Алдын-ала нұсқа бойынша, оның жүрегі тоқтап қалған болуы мүмкін.
Қатысты сілтемелер
-
Биыл жазда Алматыда екі саябақ пен жағалау аймағының құрылысын аяқтау жоспарланып отыр28 Наурыз 2024, 11:26