«Түнгі уақытта Алматының Алатау ауданындағы «Pegas» кафесінің маңында төбелес болған. Салдарынан Наурызбай ауданына қарасты учаскелік полицей, капитан Арнал Отарбаев сол жақ кеуде тұсынан жарақатын алған. Жанжал қызметтен тыс уақытта болған. Күдікті Жамбыл облысының тумасы исаков Жандос бірден ұсталған»,- деп хабарлады сейсенбі күні Telegram-канал Egov.Press.
Аталған деректі Алматы полиция департаменті растады.
“Бұл дерек бойынша Алатау аудандық полиция Басқармасы қылмыстық іс қозғады. Күдікті ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Қылмыстың мән-жайы анықталуда”,- деп хабарлады полицейлер ҚазТАГ агенттігіне.
Фото көзі: Фото из открытых источников.