Алматыда суға шомылу маусымы кейінге қалдырылды – ТЖД

Күні: 16:27, 22-05-2020.

Алматы. 22 мамыр. ҚазТАГ – Владимир Радионов. Алматыда суға шомылу маусымы кейінге қалдырылды, деді төтенше жағдайлар департаменті (ТЖД) азаматтық қорғаныс басқармасының (АҚБ) бастығы Тұрысбек Сартаев.
«ҚР Бас мемлекеттік санитарлық дәрігерінің 2020 жылғы 10 мамырдағы бұйрығына сәйкес карантин жалғасып жатыр. Сондықтан, қауіптің жоғары болуына орай әзірше шомылуға рұқсат жоқ», - деді Сартаев жұмадағы брифингте.
Сонымен қатар ол атап өткендей, Алматыда шомылуға рұқсат етілген 4 демалыс аймағы бар. Олар - Сайран көлінің батыс бөлігі Төлеби көшесінен оңтүстікке қарай 300 метр аралық, Сайран көлінің шығыс бөлігі Төлеби көшесінен оңтүстікке қарай 200 метр қашықтық, Д.Қонаев атындағы ҮАК бойында орналасқан Баум тоғайы жағажайында, Д.Қонаев атындағы ҮАК бойында орналасқан «Гүлдер» демалыс аймағы.
«Шомылуға тыйым салынуына орай 23 мамырдан бастап ТЖД қызметкерлері, жергілікті полиция қызметі мен ұлттық гвардия қызметкерлері суға шомылатын жерлердегі демалыс орындарында карантин жағдайын бұзудың алдын алу мақсатында бірге рейд өткізеді», - деді Сартаев.
Сонымен қатар, Алматы аумағы бойынша суға шомылу тыйым салынған және қауіпсіз болып табылатын 28 шағын өзен, 26 су қоймасы бар.


Жаңалықтармен бөлісу: