Алматыда әскери қызметкердің мәйіті табылды: сотқа дейінгі тергеу басталды

Алматы. 13 қыркүйек. ҚазТАГ- Сержанттың өлі денесі Алматыдағы Құрлық әскерлері Әскери институтының аумағынан табылды, деп хабарлайды агенттіктің тілшісі.

«Аталған факті бойынша Оңтүстік өңірлік әскери-тергеу басқармасы ҚР ҚК 105-бабы 1-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеуді бастады»,-деп хабарлады ҚР Ішкі істер министрлігінің баспасөз қызметі.

Бұған дейін ztb хабарлағандай, 44 жастағы сержанттың денесі Алматы қаласының Түрксіб ауданындағы Құрлық әскерлері Әскери институтының аумағынан табылған.

Фото көзі: gov.kz


adimage