Алматыда шетел көліктерінің соқтығысуынан бір адам зардап шекті

Күні: 12:59, 13-06-2019.

Алматы. 13 маусым. ҚазТАГ - Алматыда шетел көліктерінің соқтығысуынан бір адам зардап шекті, деп хабарлады агенттік тілшісі.
«Яссауи көшесіне жетпей Жандосов көшесінің бойында ЖКО орын алды. Suzuki көлігі шығыс бағытта жүріп келе жатқан, сол сәтте батыс бағытта белгісіз себептерге байланысты қарсы жолда Mercedes көлігі келе жатқан, соның салдарынан осы екі көлік жандарымен бір-біріне соққан. ЖКО салдарынан Mercedes жүргізушісі түрлі жарақаттарымен №7 Қалалық ауруханаға жеткізілген», - деп хабарлады бейсенбіде «ҚазТАГ» ХАА тілшісіне оқиға куәгері.
ЖКО себептерін ары қарай анықтаумен полиция айналысуда.


Жаңалықтармен бөлісу: