Алматыда Наурызбай ауданында шағын көлемде сел шығару жүргізілді

Күні: 11:01, 14-08-2019.

Алматы. 14 тамыз. ҚазТАГ- Алматыда Наурызбай ауданында шағын көлемде сел шығару жүргізілді, деп хабарлады агенттік тілшісі.
«2019 жылдың 14 тамызында Наурызбай ауданында шағын көлемде сел шығару жүргізілді. Тұрғындарға ескертіп үлгердік. Энергетика қызметіне жарықты, газды өшіру туралы команда берілді. Ескертеміз, тұрғындарды көшіреміз», - деп хабарлады департамент таратқан Қарғалы бөгетінен түсірілген видеода сәрсенбі күні Алматы ТЖД бастығы Серік Әубәкіров.
Ол атап өткендей, Алматы қалалық ТЖД Әуезов және Алатау аудандарында Қарғалы өзенінің төменгі жағында тұратын тұрғындарға ескерту жасап жатыр.
«Қаладағы барлық қызмет сай тұр, жақын маңдағы елді мекендерге қауіп жоқ», - деді Әубәкіров.
Алматы әкімдігінің баспасөз қызметінің ақпарынша, эвакуациялық пункттер үш мекенжайда орналасқан: Жандосов – Рысқұлов (ескі әкімдік), Шахмерденовтағы №172 мектеп, Жандосов-Яссауидегі №158 мектеп.


Жаңалықтармен бөлісу: