Алматыда Әл-Фарабидегі тоннель алдағы екі аптада ішінара жабылады

Күні: 17:05, 12-06-2019.

Алматы. 12 маусым. ҚазТАГ – Алматыда Достық пен Әл-Фараби даңғылындағы тоннель алдағы екі аптада ішінара жабылады, деп хабарлады «Алматы жолдары» ЖШС баспасөз қызметінен.
«Орташа жөндеу жұмыстарының жүргізілуіне байланысты Достық пен Әл-Фараби даңғылының қиылысындағы тоннель ағымдағы жылдың 14 маусым 26 маусым аралығында сағат 23.00-6.00 аралығында ішінара жабылады», - делінген сәрсенбіде таратылған хабарда.
Қала тұрғындары мен қонақтарына өз бағыттарын алдын-ала жоспарлап алуға кеңес берілді


Жаңалықтармен бөлісу: