Алматы. 8 сәуір. ҚазТАГ - Алматыда коронавирустен тағы екі адам жазылды, деп хабарлады мемкомиссияның жедел штабынан.
«Коронавирустық инфекциядан Алматы қаласында тағы екі адам жазылды. Сонымен Қазақстанда жазылғандар саны – 53», - делінген сәрсенбідегі хабарда.
Естеріңізге сала кетейік, 2019 жылдың желтоқсан айының соңында Қытайда этиологиясы белгісіз пневмония ауруы тіркелді. Соңғы мәліметтерге сәйкес, COVID-19 коронавирусынан туындаған пневмониямен ауыратын науқастардың жалпы саны жүздеген мыңнан асса, қайтыс болғандар ондаған мыңнан астам.
2020 жылдың 30 қаңтарында Қазақстан Қытайға автобус қатынасын (29 қаңтардан бастап), жолаушылар пойыздарын (1 ақпаннан) және әуе қатынасын (3 ақпаннан) тоқтататындығы белгілі болды. 6 ақпанда «Қазпошта» Қытаймен пошталық байланысты тоқтатты. 1 наурыздан бастап Қазақстан Оңтүстік Корея және Иранмен әуе тасымалын қысқартты.
Сондай-ақ, коронавирус Венгриядағы қазақстандықтан да табылды.
15 наурызда Қазақстан президенті Тоқаев 16 наурыздан бастап Қазақстанда төтенше жағдай жариялау туралы өкім етті.
17 наурызда ҚР президенті жанындағы ТЖ режимін қамтамасыз ететін Мемкомиссия Нұр-Сұлтан мен Алматы қалаларында 19 наурыз сағат 00.00-ден бастап карантин режимін енгізді. Соған байланысты азаматтар мен көліктердің кіруіне және шығуына шектеу енгізілген. 28 наурыздан бастап Нұр-Сұлтан мен Алматыда және Шымкентте карантин шаралары күшейтілді.
Бұған дейін Қазақстанда коронавирусты жұқтырудың 704 жағдайы тіркеліп, 51-і жазылып, жеті адам көз жұмды.
Қатысты сілтемелер
-
Қазақстан мен Қытай арасында тәуліктік жүк беру 59,7 мыңнан асқан23 Сәуiр 2024, 12:19
-
Идеологиялық саладағы міндеттер бойынша кешенді жоспар жобасы дайындалуда – Бектенов23 Сәуiр 2024, 11:55
-
Қазақстанда су тасқыны салдарын жоюға 32 мыңнан астам адам жұмылдырылды23 Сәуiр 2024, 11:53
-
Қосшыда инженерлік желілерді салу жұмыстарына Т2,5 млрд жұмсамақшы23 Сәуiр 2024, 11:32
-
Алматының бірқатар ықшамауданында су беру уақытша шектеледі23 Сәуiр 2024, 10:27