Алматыда көліктің қосалқы бөлшектері сатылатын базарда іздеу жарияланған бес қылмыскер ұсталды

Алматы. 13 тамыз. ҚазТАГ –  Алматыда көліктердің қосалқы бөлшектерін сататын Car City базарында іздеу жарияланған бес қылмыскер ұсталды, деп хабарлады қаланың ІІД баспасөз-қызметінен.  
«Базарға жүргізілген кезекті рейд полициядан жасырынып жүрген 5 қылмыскерді ұстауға мүмкіндік берді», - деп хабарлады Алматы ІІД-нен 11 тамызда жүргізілген тексеріс нәтижесі бойынша дүйсенбіде.
Хабарда атап өтілгендей, 5 жедел топ сауда нүктелерінен техникалық қызмет көрсететін 20 станция мен 45 автокөлік құралдарын тексерді.  
Учаскелік инспектор ізін суытпай мүлік ұрлау қылмысын әшкереледі. Қылмыс жасаған 1994 жылы туған К есімді азамат бұған дейін бірнеше рет сотталған. Бұдан басқа 149 адам әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Сонымен қатар 126 адам аты-жөнін анықтау мақсатында ішкі істер органына жеткізілді. Өзбекстандық 10 азаматтың елде миграция заңын бұзып жүргені анықталды. Рейд барысында ата-анасынан жырақта жүрген, Қазақстанның басқа өңірлерінен келген 3 жасөспірім ұсталды. Бұл балалар кәмелеттік жасқа толмағандардың уақытша бейімдеу орталығына орналастырылды», - деді Алматы ІІД ресми өкілі Салтанат Әзірбек.  

adimage