Алматыда электр энергиясын беру қашан толық қалпына келтіріледі

Алматы. 15 шілде. ҚазТАГ – Алматыда электр энергиясын беру қашан толық қалпына келтіріледі, бұл туралы қалалық энерготиімділік және инфрақұрылымдық даму басқармасының баспасөз қызметін хабарлады.
«Бүгін 14:14-де «Алматыэнергосбыт» АҚ ЖЭС-2 стансасының қайнар көзінде ақау болды. Соның кесірінен қаланың көп бөлігі электр қуатынсыз қалды. Қазіргі таңда ЖЭС-2 нысанында КЛ-220 кВ бойынша жарық берілді. Қаланы қоршаған сыртқы шеңбер бойынша KEGOC 220 кв желісінде қаланы электр желісіне қосу процесі жүріп жатыр. Бұл нысанды қайта қосуға 1-1,5 сағат уақыт кетеді. Қаланың барлық аудандары кешкі сағат 17:00-де электр энергиясына толық қосылатын болады», - делінген дүйсенбідегі хабарда.
Басқармада атап өткендей, қазіргі таңда бағдаршам жұмысы қалпына келтірілген.
«ПД (полиция департаменті – ҚазТАГ) 450 қызметкері жол қозғалысын бақылауды және реттеуді қамтамасыз етіп тұр. Арнайы жұмыс тобы апат себебін анықтауда. Мегаполистегі жағдай бақылауда тұр», - делінген хабарда.
Өз кезегінде «KEGOC» АҚ баспасөз қызметі хабарлағандай, «KEGOC» АҚ желісі мен қосалқы стансасы штаттық режимде жұмыс жасауда, ешқандай кедергі жоқ».
«ҚР БЭС жүйелі операторы қаланы жарықпен жабдықтауды қалпына келтіруге толық ықпал етуде», - деп атап өтті АҚ-нан.
Еске салсақ, бұған дейін хабарланғандай, Алматы мен қала аумағына қарайтын Алматы облысының бір бөлігі жарықсыз қалған. Қазіргі таңда қала мен облыста электр энергиясы кезең-кезеңімен қалпына келтірілуде. Алматы полициясы жарықтың болмауы салдарынан жол қозғалысын қолмен реттеп тұр.
Кейін ҚР энергетика министрлігі бүгін Алматыда Нұр-Сұлтан уақытымен сағат 14.30-да электр энергиясының өшіп қалуы Оңтүстік өңірдің энергетикалық жүйесіне әсерін тигізгенін атап өтті. Атап айтсақ ЖЭО -2 мен ЖЭО-3 электр энергиясы генерациясына, сонымен қатар каскадты ГЭС жұмысына (Қапшағай). Жүйедегі ақау себептері анықталуда. Барлық қалпына келтіру жұмыстары басталды және жақын арада аяқталады.

adimage