Алматыда демалыс күндері Жароков пен Тимирязев көшелерінің қиылысында көлік қозғалысы шектеледі

       Алматы. 17 қыркүйек. ҚазТАГ - Алматыда демалыс күндері Жароков пен Тимирязев көшелерінің қиылысында көлік қозғалысына жартылай шектеу қойылады, деп хабарлайды «Алматы су» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны.
      «Жароков пен Тимирязев көшелерінің қиылысының оңтүстік бөлігінде автокөліктердің қозғалысы 17 қыркүйек 22: 00 -ден 20 қыркүйек 6:00 дейін жабылады», - делінген хабарламада.
      Бұл ретте «шектеулерді енгізу Тимирязева көшесі бойындағы қиылыстың осы бөлігі астынан өтетін қалалық сумен жабдықтау желісін қайта құру бойынша жоспарланған жұмыстардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін қажет» деп түсіндіріледі.


adimage