Алматыда апта соңына дейін Темірязев көшесі бойымен көлік қозғалысы күндіз шектеледі

Алматы. 14 тамыз. ҚазТАГ – Алматыда апта соңына дейін Темірязев көшесі бойымен көлік қозғалысы күндіз шектеледі, деп хабарлады қала әкімінің баспасөз қызметінен.  
«BRT (жүрдек автобус дәліздері  жүйесі – ҚазТАГ)  қайта құру жұмыстарына орай Темірязев  көшесінде жол-құрылыс жұмыстарының жүргізілуіне  байланысты Байзақов көшесінен Әуезов көшесіне дейін 15-19 тамыз аралығында сағат 09.00-19.00 аралығында жеке көлік қозғалысы уақытша тоқтатылады», - делінген хабарда.
Қоғамдық көлік қозғалысы, қалалық билік ақпарынша, өзгеріссіз қалады.  

adimage