Алматыда Алатау ауданының әкімі тағайындалды

Алматы. 13 қыркүйек. ҚазТАГ- Алматыда Алатау ауданының әкімі тағайындалды , деп хабарлайды қала әкімдігінің баспасөз қызметі.

"Алматы әкімінің өкімімен Қазақстан Республикасы президенті әкімшілігінің және қала мәслихатының келісімімен Алатау ауданының әкімі лауазымына Талғат Малыбаев тағайындалды", - делінген ведомство хабарламасында.

Малыбаев еңбек жолын 2010 жылы Қарағанды қаласы "Агро-Консалтинг – К" АҚ Стратегия және бюджеттік жоспарлау департаментінің маманы болып бастаған.

Әр жылдары құрылыс компанияларында жұмыс істеді, сондай-ақ Алматы қаласының "Алматы жылу желілері" ЖШС-де, Алматы облысының "Жетісу" ӘКК ҰК АҚ-да басшылық қызмет атқарды. "Алматы қаласын дамыту орталығы" АҚ ТКШ қызметтерінің сапасын арттырудың базалық бағытын іске асыру тобының жетекшісі болып жұмыс істеді.

2023 жылы маусымнан бастап қазіргі тағайындалғанға дейін Алматы қаласы энергетика және сумен жабдықтау басқармасының басшысы қызметін атқарды.

Фото көзі: пресс-служба акимата Алматы


adimage