Алматыда ADK жанындағы екі ғимарат өртеніп жатыр

Күні: 10:29, 15-10-2019.

Алматы. 15 қазан. ҚазТАГ – Алматыда ADK сауда-ойын-сауық кешені (СОК) жанындағы екі ғимарат өртенді, деп хабарлады агенттік тілшісі.
«15 қазанда сағат 05.08-де ТЖД «101» тетігіне Бостандық ауданында Сәтпаев көшесі бойында 90/29 (Сәтпаевтағы ADK СОК маңында, 90 – ҚазТАГ) ғимаратының өртеніп жатқаны туралы хабар келіп түсті. Өрт сөндірушілер келіп жеткенде екі қабатты әкімшілік ғимараттың шатыры өртеніп жатқан, қызыл жалын жанындағы ғимаратты да шарпыған, сөйтіп отқа оранған алаңның жалпы аумағы 500 ш. м. болған. Газ-түтіннен қорғау қызметінің тобы адамдардың бар-жоғын тексеріп, екі көлік сатысының көмегімен алты өрт сөндіру діңгегімен су беру ұйымдастырылды. Бөлімше жоғары жылдамдықпен жұмыс жасады. (…). Қабылданған шаралардың арқасында өрт бір сағатта ауыздықталып, 06.25-те сөндірілді, өрттің қасындағы ғимараттарға тарауына жол берілмеді. Зардап шеккендер мен қаза тапқандар жоқ», - деп хабарлады сейсенбіде Алматы төтенше жағдайлар департаментінің (ТЖД) баспасөз қызметінен.
Департамент ақпарынша, барлығы ТЖД 56 қызметкері, 17 бірлік техникасы, Бостандық ауданы полиция басқармасының (ПБ) алты қызметкері, екі бірлік техникасы жұмылдырылған.


Жаңалықтармен бөлісу: