Алматы облысында жеке балабақшаның шаруашылық блогы өртенді

Күні: 11:51, 08-11-2019.

Алматы. 8 қараша. ҚазТАГ – Алматы облысында жеке балабақша аумағында шаруашылық блогы өртенді, деп хабарлады ҚР ІІМ ТЖК баспасөз қызметінен.
«8 қарашада сағат 06.46-да өрт сөндіру қызметінің тетігіне Алматы облысы Талғар ауданы Қызыл Ту-1 ауылы «Әсем» жеке балабақшасының аумағында өрт шыққаны туралы хабар келіп түсті. Алғашқы өрт сөндірушілер келіп жеткенде бөлек тұрған шаруашылық блоктың шатырының өртеніп жатқаны анықталған. Қабылданған шаралардың арқасында өрт 07.20-да ауыздықталып, 07.27-де сөндірілген. Өрт алаңы 28 ш. м құраған», - деп хабарлады жұма күні ТЖК ресми өкілі Нұрсұлтан Нұрахметов.
Ол қаза тапқандар мен зардап шегушілердің жоғын жеткізді.
«Өртті сөндіруге Алматы облысы ТЖД жеке құрамының 11 адамы мен үш бірлік өрт сөндіру техникасы жұмылдырылған», - деді ТЖК ресми өкілі.


Жаңалықтармен бөлісу: