Алматы облысында волейбол командасына Т500 млн астам бөлінді

Талдықорған. 19 қазан. ҚазТАГ – Алматы облысында «Жетісу» волейбол командасына Т500 млн астам бөлінді, деп хабарлады агенттік тілшісі.  
«Жалпы,  2018 ж. волейболдан «Жетісу» командасына Т526,8 млн бөлінді», - деп хабарлады Алматы облысының әкімі Амандық Баталов өңір волейболшыларымен кездесуде.  
Ол нақтылағандай, облыс бойынша спорттың дамуына үлкен мән беріліп келеді.  
«Мәселен, «Жетісу» футбол командасы мемқолдаудың арқасында жоғары биіктерге шықты.  Ал біздің волейболшылар бірнеше жыл қатарынан республика бөлінісінде жоғары орыннан көрініп келеді.   (…) Алда бізді волейболдан 27-ші Ел чемпионаты күтіп тұр. Соған байланысты біз  спортшыларымыздың өз деңгейінде шығуына қажетті қолдауды көрсетеміз», - деп мәлімдеді өңір басшысы.


adimage