Алматы облысында «Талгарка» өзенінің арнасынан ер адамның денесі табылды

   Алматы.7 желтоқсан.ҚазТАГ- Алматы облысында «Талгарка» өзенінің арнасынан ер адамның денесі табылды, деп хабарлайды полиция департаментінің баспасөз қызметі.
   «Алматы қалалық полиция Департаменті жедел іздестіру іс-шаралары барысында 29 қарашада үйінен шығып кетіп, оралмаған 1989 жылы туған Тимур Поповтың мәйіті табылғанын хабарлады.»,- делінген хабарламада.
   Полиция қызметкерлері жоғалған азаматтың «SOS» дабылын жіберген жерден бір жарым шақырым жерде орналасқан «Талгарка» өзенінің арнасына тексеру жүргізіп, денесін тапты.

adimage