Алматы облысында құдыққа құлап, қайтыс болған баланың өлімі тексерілуде

Алматы. 21 қаңтар. ҚазТАГ - Алматы облысында құдыққа құлап, қайтыс болған баланың өлімі тексерілуде, деп хабарлады облыстың полиция департаментінің (ПД) баспасөз қызметінен.
«Аталмыш дерек бойынша қылмыстық өндіріс қозғалды. Тергеу амалдары ҚР ҚК 371 бабы 2 бөлімі бойынша (абайсызда ауыр зардаптарға әкеп соққан салғырттық) жүргізілуде. Тергеу амалдарын Жамбыл аудандық полиция қызметкерлері жүргізуде, сонымен қатар ол облыстық департаменттің бақылауына алынды», - деп хабарлады сейсенбіде Алматы облысы ПД баспасөз қызметінен.
Еске салсақ, 19 қаңтарда сағат 17.10-да Алматы облысы ТЖД-ге шамамен 15.40-та Жамбыл ауданында (Ақтерек ауылының маңайында) 2012 жылы туған ер бала ойнап жүріп абайсызда су толы құдыққа түсіп кетіп (қақпағы жоқ, тереңдігі 2 метр жұмыс жасамайтын ескі су құбырының жүйесі), оқиға орнында қаза тапқан.

adimage