«12 қыркүйекте Ютонг автобусының жүргізушісі "Алматы-Бішкек" тас жолының 25-шақырымында келе жатып, кері бұрылу маневрін жасаған кезде рөлді басқара алмай қалған. Салдарынан қоршауға соғылып, көпірден құлап кеткені анықталды. Сол кезде Mercedes Benz Sprinter көлігінің артқы жағына түсті»,- делінген хабарламада.
Жол апаты салдарынан автобус жүргізушісі түрлі дене жарақатымен ауруханаға жеткізілген. Ал көліктер арнайы тұраққа қойылды.
Фото көзі: из открытых источников