Алматы облысында алты айлық сәби коронавирус жұқтырған

Күні: 18:44, 22-05-2020.

Талдықорған. 22 мамыр. ҚазТАГ – Алматы облысында алты айлық сәби коронавирус жұқтырған, деп хабарлады өңір әкімінің баспасөз қызметінен.
«Бүгін Алматы облысында коронавирустың тағы 24 жағдайы тіркелді. Олар Кеген, Іле, Ескелді, Ақсу аудандары мен Талдықорған қаласының тұрғындары. Олардың ең үлкені 76 жастағы зейнеткер болса, ең кіші 6 айлық сәби», - делінген жұмада таратылған хабарда.
Хабарда атап өтілгендей, пациенттердің науқасы медициналық комиссиядан өту барысында, медициналық көмекке жүгіну кезінде және бұрын ауырғандармен байланыста болған азамат ретінде тексерілу кездерінде анықталған.
«Науқастар қазір Талдықорғандағы әскери госпитальдің, Қарасай аудандық ауруханасының, Шелектегі аудандық аурухананың инфекциялық бөлімдеріне жатқызылды. Олармен 143 адамның байланыста болғаны белгілі болды. Барлығы оқшауландырылып, эпидемиологиялық тексерулер жүргізілуде», - деді облыс әкімдігінен.
Сонымен 2020 жылғы 21 мамырдағы жағдай бойынша Алматы облысында КВИ инфекциясымен тіркелгендер саны 262-ге жетті.


Жаңалықтармен бөлісу: